Алматыда жас отандықтар тұрғындарға маска таратты

almaty.tv
almaty.tv
Аталған шара аясында бүгін 2 мың бетперде тегін таратылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақыныңды сақта. Дәл осындай атаумен қалалық Жас Отан жастар қанатының еріктілері бүгін адам көп шоғырланатын жерлерге барып, медициналық маска таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жастар, тұрғындарға төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин жалғасып жатқанын түсіндіріп, бетперде ұсынды. Мұндағы мақсата – карантин талаптарын сақтай отырып, қалыпты өмірге оралу, дейді партия өкілдері.  

«Бір адамның карантинге немқұрайлы қарауы арқылы өзінің жақындарының, отбасының осы бір дертке, пандемияға душар етуі мүмкін деген ақпаратты жеткізгіміз келіп отыр», – деді қалалық Jas Otan жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.

Аталған шара аясында бүгін 2 мың бетперде тегін таратылмақ. Жақыныңды сақта науқаны қаланың барлық сегіз ауданында жүргізіледі. Шараға арнайы тренинг курстан өткен 20 ерікті  жұмылдырылған. Олар қорғаныс заттарымен толық қамтамасыз етілген.

Новости партнеров