|
28.11.2023 | 15:45
1299

Балаңызды бақылаңыз: Алматы ойын-сауық орталығының басшылары жауапқа тартылды

Рейдтің мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу

Балаңызды бақылаңыз: Алматы ойын-сауық орталығының басшылары жауапқа тартылды Almaty.tv

Алматыда тәртіп сақшылары рейд жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түнделетіп көше кезген жасөспірімдерді анықтау жұмысы компьютер клубынан басталды. Алаңсыз ойынға жайғасқандар тәртіп сақшыларын күтпесе керек. Кейбіреуі қашуға тырысты. Араларындағы камелет жасына толмағандарды ұстап, ата-анасына хабар берді. Оқиға орнына бірден ата-анасы шақырылды.

Жігіттердің жасын сұрамастан сұрағанын берген клубтың әкімшісі де оңай құтылмады. Оған да 34 мың теңге айыппұл салынды. Ал келесі жоспар көше кезгендер болды. Себебі түнгі уақытта жеткіншектер үй маңынан алысқа кетпеуі керек.

– Республикалық «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шаралары жүріп жатыр. Соның барысында Түрксіб ауданы бойынша кешкі рейдтерді өткізіп жатырмыз. Осы рейдтің мақсаты – кәмелет жасына толмағандардың арасындағы қылмыстың алдын алу, – деді Түрксіб аудандық Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы Гузеля Мұсаева.

Рейдтің мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын-алу. Статистикаға сүйенсек, биыл баласын бақыламаған алматылық 6,5 мыңнан астам ата-анаға айыппұл салынған. Ал 198 ойын-сауық орталығының басшылары жауапқа тартылған.

Рейд тек Алматыда ғана емес, республиканың өзге өңірінде де өтіп жатыр. Іс-шара 30 қарашаға дейін жалғасады.

Оразай Нұртайұлы, Ялкунжан Әшімжан, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз қала: Наурызбай ауданында ата-аналарға айыппұл салынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир