|
14.02.2019 | 15:45
3652

Астанада Көпбалалы аналар қауымдастығы құрылмақ

Елордада баспана бойынша ортақ кезекте 46 мыңға жуық адам тұр

Астанада Көпбалалы аналар қауымдастығы құрылмақ

Астана қаласының Қоғамдық кеңесі елордада Көпбалалы аналар қауымдастығын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазіргі уақытта Көпбалалы аналар қауымдастығын құруды көздеп отырмыз. Ол қауымдастыққа белсенділер енсе дейміз. Осылайша, белсенділермен бірге көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешуді ойластырудамыз. Менің ойымша, бұл дұрыс қадам. Жуық арада біз қауымдастықты құру туралы жұмысты аяғына дейін жеткіземіз», - деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов елорда әкімдігінде өткен жиында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов елордадағы көпбалалы отбасылардың мәселесі туралы сөз қозғап, олардың баспана мәселесін жеке-жеке кезек бойынша шешу керектігін мәлім еткен еді.

«Мемлекет бұл мәселеге бет бұрар деген ойдамын. Қазіргі уақытта Үкімет жұмыс тобын құрып, аталмыш мәселені шешуді көздеп отыр. Көпбалалы отбасылардың ең алдымен баспана мәселесін шешу керектігі туралы бастаманы 100 пайыз қолдаймыз. Себебі, бұл отбасылар күрделі материалдық жағдайымен қоса баспананы жалдап тұруға мәжбүр. 50-100 мың теңгеге кішкене ғана бөлме жалдап тұрады. Сол себепті, көпбалалы отбасылардың ең алдымен баспана мәселесін шешу керек. Жетім балалар, соғыс ардагерлері сияқты көпбалалы отбасылардың да баспана бойынша жеке кезегі болуы тиіс. Себебі, қазіргі уақытта елордадағы баспана бойынша ортақ кезекте 46 мыңға жуық адам тұр», - дейді Сансызбай Есілов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

очередь
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир