Қазақстаннан қажыға баратындарға 3200 квота бөлінді
azattyq.org
Қазақстанға бөлінген квота саны биыл да аздап ұлғайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сауд Арабиясы биыл Қазақстаннан қажылыққа баратындарға 3200 квота бөлген. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбай хабарлады.
Оның айтуынша, Қазақстанға бөлінген квота саны биыл да аздап ұлғайған. Мысалы, 2018 жылы үш мың, 2017 жылы 2,5 мың адамға квота бөлінген еді.
Оған дейін кей жылдары Қазақстаннан қажыға бес мың адам барған.
Жыл сайын Құрбан айт мейрамы қарсаңында әлем мұсылмандарымен бірге қазақстандықтар да Меккеге қажылық парызын өтеуге барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биылғы қажылық сапар 8-10 тамыз аралығына белгіленіп отыр.
Биыл ораза айы 6 мамырда басталады. Құрбан айт мейрамын 11 тамызда тойлай бастайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50