|
26.02.2020 | 13:44
11379

Алматыдағы Жетісу ауданының «Гүлдер саябағына» Wi-Fi нүктесі орнатылды

Елімізде жүзеге асқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы интернет қолданушылар қатарын 83 пайызға дейін көбейтуді көздейді

Алматыдағы Жетісу ауданының «Гүлдер саябағына» Wi-Fi нүктесі орнатылды almaty.tv

Абай Құнанбаев ескерткішінің маңына қойылған интернет желісін тұрғындар тегін пайдалана алады. Қоғамдық орындарға Wi-Fi нүктелерін орнату ісі Smart city немесе ақылды қала жобасының аясында қолға алынды. Бұл қадам интернет қолданушылар санын арттыратыны сөзсіз, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы қаласы әкімінің  тапсырмасына сәйкес  бүгіннен бастап халықты тегін интернет желісімен қамту үшін, қоғамдық орынға Wi-Fi нүктелерін орнату ісі қолға алынды. Wi-Fi  нүктесі Абай Құнанбаев ескерткішінің маңына қойылған. Спорт, балалар алаңына, шахмат ойнауға келген қарттарға, футбол ойнауға келгендерге, «Поэзия» алаңына келгендерге, әкімдікке келген пайдаланушыларға тегін», – деді Жетісу ауданының әкімі Мақсат ҚИҚЫМОВ

Елімізде жүзеге асқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы интернет қолданушылар қатарын 83 пайызға дейін көбейтуді көздейді. Бұл бағытта  тыңғылықты шаралар атқарылуда. Соның бірі Құлагер шағын ауданында іске асқан жақсы бастаманың игілігін көруге аудан халқы көптеп жиналды.

«Барлық жағдай жасалып жатыр. Кездесу де болады. Айтқанын орындап жатыр. Халыққа тегін Wi-Fi тарату деген  тамаша ғой. Балаларға спорт алаңын жасап қойған, ана жақтан кіргеннен жүрегіңді  қуаныш кернейді. Мына жер таза, гүлденіп тұр», – деді Жетісу ауданының тұрғыны Зубира АЛТЫБАЕВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир