|
22.05.2019 | 16:58
9856

Алматының барлық ауданынан «Бақытты отбасы» орталықтары ашылмақ

Екі аптаның ішінде 1138 ана орталық көмегін алып үлгерген

Алматының барлық ауданынан «Бақытты отбасы» орталықтары ашылмақ

Алматының барлық ауданынан «Бақытты отбасы» орталықтары ашылмақ. Көмек алғысы келетін аналарға барлық қызмет түрлерін бір жерден алатыны ыңғайлы болып тұр. Сонымен қатар, қала орталығына келмей-ақ уақыттарын үнемдей алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Орталықтың кірер есігінен бастап барлық жағдай жасалған. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандарға пандустарға дейін қарастырылған. Ең бастысы, бұл орталықта балабақшаға кезекке қою, салықтық жүйені реттеу сияқты мәселелер бойынша кеңестер беріліп,  өз кәсібін ашқысы келетін аналарға көмек беріледі.

Бұл орталықта көпбалалы отбасыларға киім-кешектер мен тамақ және басқа да сертификаттар беріледі.

Мария Дәрібаева бұл орталыққа өзінің 4 баласын ертіп келген.  Өзі азық-түлікке қаржылай сертификат алып, психолог пен терапевттің көмегіне жүгініп және қосымша курстар жайлы құлағдар болып үлгерсе, балалары ойын бөлмесінде уақыттарын тиімді өткізуде.

«Келген адамдардың бәріне ыңғайлы, заңгер де,  денсаулық сақтау саласының мамандары да бар. Қандай сұрақ қойсаң да, барлығы жауап береді», – дейді көпбалалы ана Мария ДӘРІБАЕВА.

Ашылғанына ай болмаған орталыққа мыңнан астам ана келіпті. Кіре берістегі ақпараттық жүйенің арқасында орталықта ұзын сонар кезек жиналмайды.

«Біз осыншама адам келеді деп ойламадық. Орталық өз жұмысын бастағалы мұнда күніне шамамен 170 адам келеді. Осы ретте электронды кезек жұмысымызды жеңілдетіп отыр. Адамдардың мәдениеті де айқын көрініс табуда», – дейді «Бақытты отбасы» орталығының директоры Зульфия БАЙСАКОВА.

Бұл орталықтың жұмыс істеу принципі мәдени диалогқа негізделген. Психолог көмегіне де жүгінуге болады. Демалыс орны мен асханасы да бар. Нәтижесінде екі аптаның ішінде 1138 ана орталық көмегін алып үлгерген.

«Негізгі бағыт дағдарысқа түскен адамның көңілін табу. Аналарымызға олардың құқықтарын түсіндіріп, көмектесуге дайын екенімізді жеткізгенде, жиналып, мәселелерін шешуге тырысып жатады», – дейді «Бақытты отбасы» орталығының директоры Зульфия БАЙСАКОВА.

Орталықта сондай-ақ бала күтіміне байланысты үйде отырған аналар үшін түрлі курстар қарастырылған. Қазір компьютерлік бағдарламалау мен шаштараз қызметі бойынша курстар өткізіледі. Болашақта олардың санын арттыру жоспарда бар. Алматы қаласының әкімдігі дәл осындай шағын орталықты басқа аудандарда ашуды жоспарлап отыр.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, "Алматы" телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир