|
22.05.2019 | 15:57
1871

«Ауыл» партиясы Семейдегі ұн-құрама жем зауытының жұмысшыларымен кездесті

«Ауыл» партиясы Семейдегі ұн-құрама жем зауытының жұмысшыларымен кездесті

Қазақстан өңдеу өнеркәсібіндегі әлеуетін толық пайдалана алмай отыр. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тек 30 пайызға  жуығы ғана өңделеді. Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер Семей өңірінде қызу талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұн-құрама жем зауытына арнайы барған сайлауалды штаб өкілдері бұл жерге бекер келмегендерін айтты. Өйткені, «Ауыл» партиясының үміткері осындай кәсіпорындардың мәселесін жиі көтеріп, оны оңтайлы шешудің жолдарын ұсынады.

«Жалпы Семей өңірі ғана емес, бұл сұрақ бүкіл ел көлемінде көтеріліп жүрген түйіткілді сауал десек те болады. Яғни, бұл сауалдың шешу жолдарын, бағаттарын, нақты міндеттерін осы кандидаттың сайлауалды бағдарламасында кездестірсек болады», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбеков республикалық қоғамдық штабының мүшесі Бердібек УЛЯНОВ.

Сондай-ақ, ірі қаладағы кәсіпорындарға басымдық беріледі де, шалғайдағы қожалықтар ескерусіз қалады. Ал, ауыл шаруашылығын экономиканың драйверіне айналдырамыз десек, алдымен шағын қожалықтарды көтеру керек деп есептейді Төлеутай Рақымбеков.

«Бұл кісінің енді программасы мына ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде мына ғылыми сала агробизденсті дамыту. Сонымен қатар, ауылға жастарды тарту, солардың әлгі дипломмен ауылға деген жобасы бойынша іс-шара жалғастыру», – ҚР Президентігіне үміткер Төлеутай Рақымбековтың сенімді өкілі Серікбол ӨЗБЕКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир