|
22.02.2023 | 17:53
1218

«Шешімі бардан» көмек сұраған әжей баспаналы болды

Бұған дейін 69 жастағы кейуана жалдамалы үйлерді жағалап жүрген

«Шешімі бардан» көмек сұраған әжей баспаналы болды Almaty.tv

«Алматы» телеарнасындағы «Шешімі бар» бағдарламасында баспанасыз қалған кейуананың мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

62 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны 20 жылдан бері елдің есігін паналап жүрген. 

«Қиын жағдайда өмір сүріп жатқан жандар жайлы естіп, көмектесуге бел будық. Алланың қалауымен әжейдің үйіне барып, жағдайын көріп қайттық. Мынадай суықта осындай үйде тұру оңай емес. Ойлана келе, осы әпкеме көмектесу керекпін деп шешім қабылдадым», – деді «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Серікбайұлы.

Баспаналы болған Гүлия Саханова қайырымды жандарға, «Елге көмек» қайырымдылық қоры мен «Алматы» телеарнасына алғысын айтты.

«Қанша қиналсам да, басымнан түрлі сынақ өтсе де мен мойыған емеспін. Үйімнің болмағанына мен еш уақытта біреуді кінәләмадым. Басыма осындай жағдай түсті екен деп елден көмек сұрамадым. Қазір көмек қолын созып отырған жандарға алғысым шексіз. Рахмет!» – деді Гүлия Саханова.

Сондай-ақ әжей баспаналы болып қана қоймай, басындағы несиелері толық өтелді. 

Айта кетейік, елдің әр аумағынан хабарласқан азаматтардың мәселесін дүйсенбі және жұма күндері сағат 18:00-де біздің арнадан көре аласыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Зере Саримова
Зере Саримова
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир