Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты
Қазақстандағы оқушылардың 10%-ы түрлі темекі өнімдерін тұтынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, темекіге қызығушылық әсіресе 13 пен 15 жастағы жасөспірімдерде қатты байқалады. Сондықтан вейпке тыйым салу қазір қызу талқыланып жатыр екен.
«Біздің министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз білетіндей, Үкімет темекі өнімдеріне қатысты акциздер мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ елімізде вейпке тыйым салу мәселесі де талқылануда», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.
Оқи отырыңыз: Биыл елімізде әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы 10 пайызға өсті