Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында Алматыда «Adal Urpaq» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік тапсырмасы негізінде іске асты. Іс-шараға жемқорлықтың алдын алуды көздеген құрылымдар мен сарапшылар, қоғамдық ұйымдар қатысты. Бастама жас қазақстандықтардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған қадам болып табылады.
– Жастардың болашағы жарқын болсын десек, Сингапур мемлекетіндей жемқорлықсыз өмір сүреміз десек, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек, – деді Алмалы аудандық «Адалдық алаңы» жобасының мүшесі Альмира Таубаева.
– «Adal Urpaq» жобасы аясында сыбайлас-жемқорлыққа қатысты студенттерге пайдалы ақпарат айтылды. Қатысушылар құқығын қорғау үшін көп мәлімет алды деп ойлаймын, – деді жобаға қатысушы Ақниет Кеңесбай.
Оқи отырыңыз: Инвесторларға қолдау күшейді