|
29.05.2020 | 17:02
13174

Алакөл 19 маусымнан бастап ашылады

1 маусымнан Достық стансасы бағытында екі пойыз іске қосылады

Алакөл 19 маусымнан бастап ашылады vivid-travel.kz

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов Алакөл 19 маусымнан бастап ашылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әзірге, ел азаматтары Қазақстаннан тыс сапарлай алмайды, сондықтан 1 маусымнан Достық стансасы бағытында екі пойыз іске қосылады. Ал 10 маусымнан кейін қалған пойыздардың қозғалысын жандандырамыз. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен уағдаластық бойынша 19 маусымнан Алакөлді ашу жоспарланып отыр. Біз осы жолаушылар пойыздарын іске қосуды жоспарладық», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар тарифтер көтерілмейтінін, билеттер бұрынғы тарифпен сатылатынын атап өтті.

«Тарифтер көтерілмейді. Біз динамикалық баға қалыптастыру жүйесін алып тастадық. Өздеріңіз білесіздер, бұрындары жолаушы 45 күн бұрын билет сатып алса, онда басқа баға болатын. Ал пойыз жүруге екі күн қалған кезде алғанда билеттің құны өзгеретін. Әлеуметтік маңызды бағдарлардағы динамикалық баға қалыптастыруды тоқтаттық», - деді Қанат Алмағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир