Банкке қарызы бар азаматтардың жұмысқа орналасуы қиындай түспек

МИА «Казинформ»
МИА «Казинформ»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай жұмысқа қабылданарда несиелік тарихыңыз да назарға алынуы мүмкін. Қаржы ұйымына қайтармаған қарызыңыз болса, жұмысқа орналасу қиындамақ. Бұл туралы «Бірінші несие бюросының» атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде банктен несие алған қазақстандықтардың 4 пайызға жуығы «қара тізімге» ілінген. Былтыр сомасы 600 миллиард теңге болатын 75 мың ипотекалық несие рәсімделіпті. Сонымен қатар,  автонесие бойынша 2017 жылы 32 мыңнан астам қарыз алса, былтыр бұл көрсеткіш 54 мыңға жуықтаған. «Бірінші несие бюросы» мамандарының сөзінше, кредиттік карталарды да тұрғындар көптеп алады. Бұл сектордағы портфель сомасы 69 миллиардқа таяған.  

«Қаржы ұйымдары көбінесе бұрын несие алған адамдарға қарыз беруді ұйғарады. Банктер болашақ борышкердің төлем қабілетін, несиені уақытылы өтеу сынды статистикасын көріп, төлем жасай алатынына көз жеткізген соң кредит береді. Несие тарихы жоқ адамдарға қарыз рәсімдеу – тәуекелге барғанмен тең. Алайда, былтыр мүлдем несие алмағандардың үлесі 7 пайыздан 5,5 пайызға түсті. Яғни, кейбір банктер тәуекелге баратын көрінеді», – деді «Бірінші несие бюросының» атқарушы директоры Әсем НҰРҒАЛИЕВА.      


Новости партнеров