Алматыда құрбан шалатын орындар белгілі болды

rights.no
rights.no
54 мешітте айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда құрбан шалатын орындар белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласындағы 54 мешітте айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Айтулы мерекенің басты ғибадаты – құрбандық шалу рәсіміне мұсылман жұртшылығы осы айт намазын оқыған соң кіріседі.  

Ұлық мереке Құрбан айт күндері әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбан малын шалып, Алла алдындағы міндеттерін өтейді. Осыны ескере отырып, биылғы жылы 28-29-30 маусым Құрбан айт күндері Алматы қаласы әкімдігі санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 15 орынды бекітті. Аталмыш орындарда мешіт қызметкерлері құрбандық шалудың шариғат талаптарына сай өтуін қадағалап, діни рәсімдерді атқарады.

Сондай-ақ Алатау ауданындағы «Кіші Мөңке би» көшесінде арнайы әзірленген орындардан құрбандық малдарын сатып алуға болады. (Мөңке би көшесінің Ф. Оңғарсынова мен Б. Момышұлы көшелерінің аралығындағы бөлігі)

Сонымен қатар өткен жылдардағы тәжірибеге сай құрбан шалу рәсімін көпшіліктің сұранысына орай, онлайн түрде тапсырыс беру үшін qurban2023.kz сайты қайта іске қосылды. Сайт арқылы тапсырыс берушіге құрбандығының шалынғандығы жөнінде видео-есеп жолданады. Алматы қаласындағы құрбандық етін алуға өтініштер qurban2023.kz сайты арқылы қабылданады. Онлайн құрбандық шалу рәсімі – «Алтын Орда» базарының маңындағы Абай ауылында орналасқан «Алтын сақа» мал базарында жүргізіледі. Қала тұрғындары «Алтын сақа» мал базарына да келіп, мал сатып алып, сол жерде құрбандығын шалуына болады.  

Алматы қаласында құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар:

Алатау ауданы бойынша:

1. «Мырзахмет» мешіті. «Қарасу» ы/а, Солтүстік айналым к-сі, 15 үй.

2. «Әскер ата» мешіті. Әйгерім-1 ы/а, Бенберин к-сі, 18/4.

3. «Алғабас» мешіті. Алғабас ы,а; Ақбөпе к.,6.

Әуезов ауданы бойынша:

1. «Таугүл» мешіті. Таугүл-3 ы/а, Паримбетов к-сі, 9а.

3. Бостандық ауданы бойынша:

1. «Бақыткелді» мешіті. Хан-Тәңірі ы/а, Дулати, 27/11.

Медеу ауданы бойынша:

1. Алматы Орталық мешіті. Пушкин к-сі, 16.

2. «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті. Жуков к-сі, 136 а.

3. «Аманқұл ата» мешіті. Т.Бигелдинов к-сі, 5

4. «Фатима» мешіті. Ш.Жәнібек к-сі 148.

5. «Райымбек батыр» мешіті. Думан-1 ы/а, Хан Тәңірі к-сі, 15.

6. «Арафат» мешіті. Ибрагимова к-сі, 5 а

Наурызбай ауданы бойынша:

1. «Қалқаман» мешіті. Қалқаман-2 ы/а, Аспандияров к-сі, 84.

Түрксіб ауданы бойынша:

1. «Қайрат» мешіті. Қайрат ы/а, Сарымулдаев к-сі, 22.

Жетісу ауданы бойынша:

1. «Вайнах» мешіті. Айтықов к-сі, 1а.

Аталған  орындарда мешіт қызметкерлері халыққа құрбандық шалу рәсіміне қатысты қызметтерді атқаратын болады.

Құрбандық етін қабылдау пункттері қаланың 54 мешітінде де қойылған. Арнайы мұздатқыштар  орнатылып, рефрижератор тасымалдау көліктерімен қамтамасыз етілмек. Қала тұрғындары өз үйіне жақын мешіттерге барып, құрбандық етін өткізе алады.

Новости партнеров