Қазақ тіл білімін дамытуға үлес қосқан ғалым Рақыш Сәтұлының туғанына 90 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесін жаңғыртуға көп үлес қосып, оны оқыту мәселелеріне бас ауыртқан зерттеушілердің бірі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ ол өзінің саналы ғұмырын ұлттың ең негізгі құндылығы - қазақ тілінің жоғын жоқтап, барын жинақтаған ғалым, ұлағатты ұстаз. Рақыш Сәтұлы әлі деп құдай ғұмыр берсе, айтарым, жазарым, бөлісерім көп дейді.
«Істейтін жұмыстар әлі күнге дейін жетіп жатыр деймін. Құдай өмір, күш-қуат беріп жатса, тағы да еңбек сіңіріп, ағарту саласында қызмет етемін», – дейді филология ғылымдарының докторы РАҚЫШ СӘТҰЛЫ
Шарада ғалымның ғылыми еңбектері жөнінде баяндамалар тыңдалып, әріптестері мен тәлімгерлері үлағатты ұстазды мерейлі төл мерекесімен құттықтап, арқасына шапан жапты. Артына өлместей із қалдырған Рақыш Сәтұлының қазақ ғылымына сіңірген еңбегі орасан зор.
«Ол кісі педогогиканың дамуына, мектептердің педагогикалық тұрғыдан кадрлармен байланысы, әсіресе зерттеу жұмыстары, методикалық жұмыстарды жандандыру ісіне зор үлес қосты. Жалпы Тіл білім институтында да біраз жылдар еңбек етті. Ағарту саласындағы еңбегі орасан зор. Біз ол кісіні қашанда мақтанышпен айта аламыз», – деді экономика ғылымдарының докторы Меңдеш ДОСМҰХАНҰЛЫ.