Қалам ұстауды енді үйренген сәби таңғажайып суреттер салады (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бөбектің табиғи дарыны жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қалам ұстауды әлі дұрыс үйренбесе де, кішкентай қыз сызықтарды түзу сызып, әдемі суреттер салады. Қытайда түсірілген видеоны желіге бүлдіршіннің ата-анасы жариялап, оның ерекше қабілетін көрсеткісі келген екен.
Желі қолданушылары таңғалып, жас сәбидің тамаша туындыларына тәнті болды. Кейбірі үш жасқа дейін жазған шимай-шатпақтарын еске алып жатыр.
Бірақ жас суретшінің өнеріне күмәнмен қарағандар да табылды. Олардың айтуынша, видео жалған, ақ қағаздың астындағы түпнұсқаны кішкентай қыз жай ғана бастырып отырған болуы мүмкін. Тағы бір сыншыларға сүйенсек, суретті видеоны түсірмес бұрын салып қойған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50