Бексұлтан Нұржекеев, жазушы: «Сайлаудың қашан өтетіні емес, қалай өтетіні маңызды»

qazaqadebieti.kz
qazaqadebieti.kz
Биыл 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев жазда өтетін президенттік сайлау ең бастысы әділ және адал жүргізілуі керек деп есептейді.

Оның пікірінше, мемлекет басына білікті, беделді саясаткердің келуі керек.

«Сайлаудың ерте өтетінін өз басым қолдаймын. Біздің елге қазір халықты басқара алатындай беделді, білікті азамат керек. Бұл жерде маңыздысы – сайлаудың уақытынан бұрын өтуі емес, қалай өтетіні маңыздырақ. Сайлау әділ және адал өтуі керек. Содан кейін, билікке әділ, халықтың көңілінен шығатын басшы келуі тиіс», - дейді жазушы.

Ол сондай-ақ, биліктің бірнеше емес, бір қолда болғаны дұрыс деп есептейді.

«Сайлаудың ерте өткені дұрыс. Тоқаев уақытша отыр емес пе, елді қос үкімет басқарып отырғандай дәл қазір. Сондықтан, тұрақты президентті сайлап алуымыз керек», - деді Б.Нұржекеев.

Еске салайық, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтетіні туралы ресми мәлімдеді.


Новости партнеров