Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды

Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды
Аталған жоба арқылы 9600 адам қамтылмақ, оның 3 мыңнан астамы жастар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жобаның алғашқы легі басталып та кетті. Бұл – өз кәсібін жүргізем дейтіндерге жаңа мүмкіндік. Аталған жобаға 18 бен 29 жас арасындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Курс 21 күнге созылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Респонденттерге тәжірибелі кәсіпкерлер шеберлік сабақтарын өткізіп, координаторлар мен психологтар жұмыс істейді. Жастар 10 модуль бойынша оқытылады. Тәлімгерлерге 20 мың теңгеге жуық шәкіртақы төленеді. Ары қарай қатысушы кәсібін дөңгелетіп кеткенше ұлттық кәсіпкерлер палатасы көмектеспек.  

«Біз олардың оқытып қана қоймай, бір жылға дейін демеп отырамыз. Өз кәсібін бастаған жастарға барынша қолдау көрсетеміз», – деді Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ.

Алматы қаласында аталған жоба арқылы 9600 адам қамтылмақ. Оның 3 мыңнан астамы жастар. Жалпы 2817 грант бөлінген. Яғни, әр 4-ші адам аталған грантқа ие бола алады.

Новости партнеров