№126 мамандандырылған лицейі базасында ашылған спорт алаңдарын 12- аумақ бойынша сайланған мәслихат депутаты Ерболат Қасымов салып берген. Бүгін нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтіп, мектеп оқушылары арасында футболдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы осы округ бойынша 6 оқу ордасы болса, оның барлығында да футбол мен баскетбол алаңдары тапшы екен. Дегенмен депутат бұл мәселенің шешудің тың амалын тауыпты.
«ҰБТ-дан ең көп балл алған мектепке осы спорттық кешенді салып беремін деп уәде бергенмін. Сонымен 2018 жылы осы №126 лицей ұтып алды. Уәдемізде тұрып, бүгін соны ашып жатырмыз», – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат ҚАСЫМОВ.
Қазір Әуезов ауданында 1273 баланы қамтитын 87 тегін спорттық секция, 1300-ден астам аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 92 үйірме мен 4 спорттық аула клубы жұмыс істейді. Тұрғын үй секторындағы спорттық инфрақұрылым да жетілдірілуде. Ауданның 269 ауласында күрделі жөндеу жүргізіліп, 59 аулаға 32 футбол, 22 баскетбол және 5 волейбол алаңы орнатылған.