|
07.03.2024 | 14:56
292

Жол саласында жұмыс істеу көпшілік ойлағандай қиын емес - Гүлмира Асанова

Гүлмира Асанова орталықта сарапшы міндетін атқарады

Жол саласында жұмыс істеу көпшілік ойлағандай қиын емес - Гүлмира Асанова Almaty.tv

Елімізде білектің күшін талап ететін жұмысты абыроймен атқарып жүрген әйел көп. Олар еңбек еткен саласына елеулі үлес қосып, айтарлықтай нәтижеге жетіп жатыр. Сондай нәзік жанның бірі – жол сапасын қадағалайтын мекемеде сарапшы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жол саласында 20 жылдан астам уақыт қызметте жүрген Гүлмира Асанова – бүгінде тәжірибесі ең көп мамандардың бірі. Бір қызығы, еңбек жолын ұстаздық етуден бастаған. Кейін мамандығын түбегейлі өзгертіп, бүгінде осы орталықта сарапшы міндетін атқарады.

– Мұғалім болғанмын, кейін жол саласына келдім. Көпшілік ауыр жұмыс деп ойлайды.  «Бұл ер адамның жұмысы ғой» деп айтып қалады. Бірақ салада істеп жүрген әйел көп, – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының сарапшысы Гүлмира Асанова.

Гүлмираға бұл зертханада трассалардан алынған сынамаларға талдау жүргізу міндеті жүктелген. Жаңа жолға қолданылған материалдардың құрамы, ыстық пен суыққа төзімділігі, жарамдылығы жайында қорытынды дәл осы зертханадан шығады.

– Инерттік материалдар, битум, асфальт сынды материалға зертханада ерлер мен әйелдер бірлесіп, талдау жүргізеді. Еліміздің жол саласындағы жұмыстарды барлығы теңдей атқарады, – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Елдос Көкірекбаев.

Бұл зертханада 7 қызметкер жұмыс істейді. Соның үшеуі әйел.

Айта кетсек, орталықта республикалықтан бөлек, облыстық маңызы бар трассаларға да, ауыл-аймақтағы жолдарға да талдау жасалады. Кем-кетігі шықса, құрылысын жүргізген мердігерлерге ескерту айтылып, тиісті шаралар қабылданады.

Оразай Нұртайұлы, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Халықаралық әйелдер күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир