Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасына құрылыс нысанын салуға тыйым салынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасына құрылыс нысандарын салуға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін мәжілісте Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатқа сәйкес, архитектуралық ғимараттың қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан радиусы жүз метрлік қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді. Осылайша Түркістан қаласының өзіндік дизайн коды пайда болады.

– Жұмыс барысында қаланың архитектуралық бағыттағы дамуы стилі айқындалатын болады. Үздік тәжірибелер енгізіле отыра. Оның ішінде шығыстық стилді ұстана отырып, қаланың дизайн кодын қалыптастыру қажет, – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Оқи отырыңыз: Биыл Түркістан облысында 47 ауылға көгілдір отын қосылды

Новости партнеров