Үсік жүреді: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түсіп, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының бірнеше өңірлерінде найзағай, дауыл тұруы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде найзағай жарқылдауы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарында 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды 3 градусқа дейін, Шығыс Қазақстан Ақтөбе облысында -1 градус үсік жүруі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде ыстық сақталады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі болуы ықтимал.  



Новости партнеров