Алматылықтар сақтандыру аясында 37 млрд теңгенің медициналық қызметін пайдаланған

Алматылықтар сақтандыру аясында 37 млрд теңгенің медициналық қызметін пайдаланған
Бұл туралы әлеуметтік сақтандыру қорының қалалық филиал директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар сақтандыру аясында 37 млрд теңгенің медициналық қызметін пайдаланған. Бұл туралы әлеуметтік сақтандыру қорының қалалық филиал директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, халықтың 19 млрд-тан астам теңгеcі стационарда көрсетілген медициналық қызметке жұмсалған. Сақтандырылғандар пандемия кезінде құны қымбат қызметтерді пайдаланыпты. Мәселен, өткен 9 айда 30 мыңнан аса компьютерлік және магниттік резонанстық томография түсірілген. Қызметке 400 миллионға жуық қаржы кеткен. Сондай-ақ, тұрғындар 550 миллион теңгеден астам қаражатқа ПТР-тест тапсырған.

«Енді ерекшелігі, қазіргі таңда барлық медициналық қызметтерді алуды одан бөлек емханалық көмектерден бөлек мына профильдік көмекті дәрігерлердің мамандардың консультациялық көмегін алу және болашақта стационарды алмастыратын стационарлық көмектерді үйлестіру, жоспарлау және жоғары технологиялық медициналық көмектерді жоспарлы түрде, әсіресе, мынау міндетті әлеуметтік медициналық пакетін аясында», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Биылғы дәстүрлі шара аясында 10 мыңға жуық алматылық медициналық мекемені ауыстырған. Тіркеуге 77 емхана қатысты. Оның төртеуі жаңа. Клиникалар келер жылдан бастап халыққа қызмет көрсетуді бастайды. Белгілісі, емхана ауыстарғандардың 92 пайызы жекеменшік мекемелерді таңдапты.

«Жылына бір рет еркін таңдауға болады. Жалпы, тіркелетін емхана үйге жақын маңда болғаны дұрыс. Бұл қажет болған жағдайда дәрігердің үйге келіп  жедел көмек көрсетуіне қолайлы. Екіншіден, бір отбасының бір емханаға тіркелгені жөн», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Новости партнеров