Төлеутай Рақымбеков Қостанай өңірінде үгіт-насихат жүргізуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі жоғары оқу орындары жыл сайын мыңдаған ауыл шаруашылығы маманын дайындап шығарады. Бірақ олардың арасында елдімекендерге  барып, еңбек етіп жатқандары шамалы. Сондықтан жастарды ауылға тартатын мықты ынталандыру тетіктері керек. Төлеутай Рақымбековтың осы және өзге де бастамалары Қостанайда кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын еліміздегі ең ірі 3 университеттің өзі жыл сайын 8 мыңға жуық студентке диплом береді. Оның сыртында салалық институттар мен колледждер қаншама. Егер осы мамандарың бәрі ауылдарда еңбек етсе, біз әлдеқашан аграрлық державаға айналар едік дейді Төлеутай Рақымбеков. Бірақ өкінішке орай, олар қалада қалып, басқа салаларда еңбек етуге мәжбүр.

«Бағдарлама негізінен ауыл жастары мен ауыл тұрғындарының хал-ахуалын қамтиды. Содан кейінгі бағыт: жайлы өмір сүруге қажет инфрақұрылым қалыптастырып, адамның ой санасын жетілдіру», –  дейді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбековтың сенімді өкілі Бекнұр МҰРАТ.

Үгіт-насихат науқанының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Ал, Төлеутай Рақымбековтың штабы алдағы күндері еліміздің басқа өңірлерінде де осындай форматтағы жиындар өткізуді жоспарлап отыр.

Новости партнеров