|
27.03.2019 | 16:01
4021

21 мың теңге жәрдемақы: көпбалалы аналардың өтінішін қай мекемелер қабылдайды?

Светлана Қабыкенқызының айтуынша, әлеуметтік жәрдемақы 1 сәуірден бастап беріле бастайды

21 мың теңге жәрдемақы: көпбалалы аналардың өтінішін қай мекемелер қабылдайды? sn.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жакупова көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы қай уақыттан бастап берілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Министр орынбасарының айтуынша, өтініштерді әкімдіктер мен ҚР электронды үкіметінде беруге болады. Сонымен қатар, вице-министр құжаттарды 1 сәуірден бастап берудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Қабылданған заң күшіне енуі үшін күту керек. Кейіннен аталған заңды басшылыққа алып, бірқатар заңнамалар қабылданады. Жергілікті атқару органдарына қажетті құжаттар түскеннен кейін азаматтар өз өтініштерін бере алатындығын айтты.

Светлана Қабыкенқызының айтуынша, әлеуметтік жәрдемақы 1 сәуірден бастап беріле бастайды, себебі, заң бойынша өтініш берілген уақыттан бастап әлеуметтік көмек көрсетілу қажет.

Әлеуметтік көмек ай сайын отбасы мүшелерінің бірі кәмелеттік жасқа толғанына дейін төленуі тиіс.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 4834 теңгеден 20789 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир