Алматы облысында 8 наурыз күні 100-ден аса сәби дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден
2020 жылы Жетісу жерінде 54 130 сәби дүниеге келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 101 сәби дүниеге келді. Оның 53 ұл, 58 қыз бала, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматы облысында 8 наурыз күні 101 сәби дүниеге келді. Талдықорған қаласында 12 сәби. Оның 10-ы ұл, 2-уі қыз бала», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жалпы 2020 жылы Жетісу жерінде 54 130 сәби дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында Тәуелсіздік күні 140 бала дүниеге келген болатын. Сәбилерге Тәуелсіздіктің 30 жылдығы логотипі бар көрпе берілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37