Астанадағы су тапшылығының мәселесі қашан шешіледі

turanews.kz
turanews.kz
Басқарма жетекшісі азаматтарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Келер аптада Астана су қоймасынан тағы бір құбыр су стансасына жіберіледі» осылай деген қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов бұл бас шаһардағы су тапшылығы мәселесін шешуге септесетінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол тіршілік нәрінен тарыққан елордалықтарды мазалаған түйткілдің түйіні осы айдың соңына дейін тарқайды деп сендірді. Басқарма жетекшісі азаматтарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

«Кейбір жерде үйдің су сорғыштары қайта бекітіліп, судың ағысы күшейтіліп жатыр. Бірақ ол барлық жағдайда бірдей көмектесе бермейді. Сол себепті қалыптасқан жағдайға тұрғындарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Көше жабылса, су келеді деген қате пікір. Есесіне, заңға қайшы әрекет басқа азаматтардың еркіне нұқсан келтіріп, жол-көлік апатына әкелуі ықтимал», – деді Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

Бас қаладағы жағдайға байланысты Президент күні кеше Астана әкімін қабылдап, оның елорда халқын сумен қамтамасыз ету туралы баяндамасын тыңдады. Жеңіс Қасымбекке шаһардағы су мәселесін тездетіп шешуде жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Астанадағы су тапшылығы: Президент шаҺар әкіміне бірнеше тапсырма берді

Новости партнеров