Астанадағы полицейлер төбелесі: 5 қызметкер жұмыстан қуылды
Казинформ
Тексеру қорытындысы бойынша жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астана қаласы Полиция департаменті полицейлер арасындағы төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде таралған видеода екі полицей жекпе-жекке шыққаны байқалады. Сонымен қатар формадағы тағы үш полицей бұл көріністі бақылап тұрған.
«Тексеру қорытындысы бойынша жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патрульдік полициясы басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төбелес кезінде болған бес адам, яғни екі учаскелік инспектр мен үш жол-патрульдік полицей ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30