10 маусымнан бастап тағы бірнеше бағыт бойынша пойыздар қайта жүре бастайды
kazaknews.kz
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
10 маусымнан бастап тағы бірнеше бағыт бойынша пойыздар қайта жүре бастайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандар сапарды алдын ала жоспарлап алған абзал дейді. Компания атап өткендей 7 бағыт бойынша шойын жолмен қатынауға болады. Сондай-ақ, пойыздардың келу-кету уақыты туралы барлық ақпаратты «105» анықтама телефонына хабарласып біле аласыздар. Қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін.
Жұмысы жанданатын пойыз бағыттары:
1) № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» - Атырау, 11 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол», Атыраудан - 12 маусымда;
2) № 29/30 Алматы-2 - Атырау, Алматыдан шығу - 11 маусымнан бастап, Атыраудан - 13 маусымда;
3) № 47/48 Атырау - «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол», 11 маусымнан Атырауға шығу, «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» - 13 маусымнан бастап;
4) № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» - Орал, «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан» 10 маусымға дейін, Оралдан - 11 маусымда;
5) Атырау - Маңғыстау № 313/314, Атыраудан 10 маусымда шығу, Маңғыстаудан - 11 маусымнан бастап;
6) № 691/692 Ақтөбе - Атырау, Ақтөбеден 10 маусымнан бастап, Атыраудан - 11 маусымнан бастап;
7) Атырау - Алматы-1 № 41/42, Атыраудан 11 маусымнан, Алматы-1 - 13 маусымнан бастап;
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41