|
21.02.2019 | 16:05
2269

Дариға Назарбаева көпшілікті жағымсыз ақпараттар қызықтыратынын мәлімдеді

«Масс-медиада толып жатқан жағымсыз жаңалықтар – рейтинг жинаудың амалы екенін түсінемін» деді депутат

Дариға Назарбаева көпшілікті жағымсыз ақпараттар қызықтыратынын мәлімдеді

Депутат Дариға Назарбаева БАҚ-тың оқырмандар жағымсыз жаңалықтарды жақсы оқығандықтан, сондай ақпаратты көп тарататынын, ал жақсы жаңалықтардың қаралымы төмен болатынын жеткізді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақпарат және коммуникация министрлігінің журналистерді тіркеу тәртібі талаптарын күшейту жөніндегі жобаға қатысты пікір білдірген Дариға Назарбаева өзі де ұзақ жылдар бойы БАҚ-та істегенін, оқырмандардың қандай жаңалықты жақсы оқитынын білетінін еске салды.

«Өзім де БАҚ саласынан шыққанмын. Өлтірді, тұншықтырды, зорлады және осы сынды масс-медиада толып жатқан жағымсыз жаңалықтар – рейтинг жинаудың амалы екенін түсінемін.

Аудиторияны дәл осындай жаңалықтар қызықтырады. Бұл шеңбер бойымен жүгірумен пара-пар. Бір жағынан жақсы жаңалық бергіміз келеді, бірақ жаман жаңалықтар таратқан редакцияның рейтингтері жоғары екенін көреміз.

Жақсы жаңалықтарға көңіл бөліп, әлемге мейірім мен жақсылықты айтайық десек, рейтингіміз төмендейді. Аудаториямен де жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Халық сұранысының трендтерін өзгерту керек», – деді Назарбаева.

Журналистер депутаттан өзінің жағымсыз жаңалық оқитын, оқымайтынын сұрады.

«Әрине, қалай оқымайсың? Біз әрекет етуіміз керек қой. Мен пікірлерді оқимын, қоғамдық көзқарасты бақылаймын. Әділетсіздік орын алғанын көрсек, біз әрдайым араласамыз.

Бірақ мұны жария етпейміз. Одан әрі өршіткіміз келмейді. Мысалы, осы жағдайдағы сияқты салалық министрліктермен әңгімелесу арқылы шешіледі. Мұндай жұмыс бір-біріне айғайлап, бір нәрсе талап еткеннен гөрі, сындарлы және нәтижелі болады деп ойлаймын. Бір нәрсе қажет болса, жолдарын тауып, қалағаныңызға қол жеткізу керек», – деп сөзін қортындылады депутат.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир