Қытайдағы қазақ полицейлері коронавирус жұқтырғандарға домбырамен ән шырқады
Тәртіп сақшылары әндерінде коронавирустан тез емделуді тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдағы қазақ полицейлері коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға қолдау көрсетіп, домбырамен ән шырқады. Әлеуметтік желіде тараған видеода полиция формасын киген үш адам домбырамен елді тазалық сақтауға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Құрметтейік алда жүрген басшыны,
Құрметтейік шепте жүрген сақшыны.
Тазалыққа көңіл бөліп бәріміз,
Аузымыздан тастамайық масканы»
Видеода байқағандарыңыздай үшеуі де медициналық маска таққан. Олардың қасында қызыл ту ұстаған тағы бір адам тұр. Тәртіп сақшылары әндерінде коронавирустан тез емделуді тілеп, «Тез арада құтылайық тұмаудан» деп шырқаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45