Броконьерлер бассыздығын доғарар емес. Енді батыс қазақстан облысында киелі жануар киікті аулап, мүйізін кескендер қашпақ болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Казталов және Жанғали аудандарының шекарасындағы Бұлақ сор және Секер сор жеріне жақын маңда Лада Приора маркалы көлігіндегі қаскөйлер инспекторларды байқап, оларға жеткізбей кетудің амалын жасаған. Сондай-ақ олар жол бойы автокөліктің терезесінен айғақ заттарды лақтырып отырған.
Соңында инспекторлар автокөлікті тоқтатып, толық тексеріс жүргізеді. Нәтижесінде 16 калибрлі мылтық, патрон салғыш, пышақ, қол ара және 17 дана киік мүйізі табылды. Қитұрқылық әрекетін жүзеге асыра алмаған Жұлдыз кентінің 26-27 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.