Үздік студенттерге Бейсен Құранбек атындағы стипендия берілді

nege.kz
nege.kz
Стипендияны Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің журналистика кафедрасының үш үздік студентіне талантты журналист Бейсен Құранбек атындағы стипендия салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nege.kz- ке сілтеме жасап.

Стипендияны Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай тапсырды. Шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова, елімізге танымал тележурналист Әбдез Рахманұлы және бір топ облыстық мәслихат депуттатары мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шарада сөз алған оқу орнының жаңа басшысы Жанар Амангелдіқызы озат студенттерге қолдау білдіріп, шабыт сыйлаған одақ төрағасына шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта облыстық журналистер одағымен бірге ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді. Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай марқұм Бейсен Құранбек туралы кеңінен сөз қозғап, оның қазақ журналистикасына қосқан үлесін тілге тиек етті. 

«Талантты журналист Бейсен Құранбекпен бір группада білім алдық. Дос болдық. Бейсен еңбек жолын спорт газетінен бастап, барлық сатылардан өткен өте тәжірибелі нағыз журналист еді. Оның қазақ журналистикасына қосқан үлесі орасан. Бір ғана «Айтуға оңай», «Қаракет» сынды ток-шоулары елдің ыстық ықыласына бөлінді. Алайда Бейсеннің ғұмыры тым қысқа болды. Алланың бұйрығы шығар. Ендеше бүгінгі Бейсен атындағы степендияны иеленіп отырған іні-қарындастарымызға досымыздың ғұмырын емес, тағдырын емес, талантын, еңбексүйгіштігін, адалдығын берсін деп тілейміз»,– деді Ғалымжан Қамытбекұлы.  

Новости партнеров