|
03.04.2019 | 16:08
1764

Көкшетауда 30 жастағы азамат тұрғын үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Қазіргі кезде жігіт емдеу мекемесіне жеткізіліп, психологиялық көмек көрсетілуде

Көкшетауда 30 жастағы азамат тұрғын үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Көкшетауда тағы бір ер адам көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп өлмек болды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға сәуірдің 2-де сағат 15:06 кезінде орын алған. Бұл туралы полицияға оқиға орнында болған жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған.

Куәгерлердің айтуынша, Құдайбердиев көшесі, 45 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырына шыққан жігіт жерге секірмек болған.

«Оқиға орнына дереу жол-патруль полиция қызметкерлері жетті. «Әскер-30» экипажы полиция аға сержанты Нұрсұлтан Кенжебеков пен полиция капитаны Абзал Исин, полиция сержанттары Саят Қожахметов пен Нұрсұлтан Жұмағалиев үйдің шатырына көтеріліп, бір сағат бойы жүргізілген келіссөздің нәтижесінде жігітті райынан қайтарды. Тәртіп сақшылары жігітті жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлеріне тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы жігіттің мұндай қадамға баруына ата-анасымен арадағы түсініспеушілік себеп болған», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде жігіт емдеу мекемесіне жеткізіліп, психологиялық көмек көрсетілді. Оның психологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир