Алматыда «полицейлер» тұрғындарды тонап кетті

Zakon.kz
Zakon.kz
Тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер, күдіктілерді тұтқындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екі адам өздерін полицей ретінде таныстырып, екі көшедегі жүргіншіні тонап кетті, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

«Қаскөйлер жұмысқа кетіп бара жатқан екі жігітті тоқтатып, өздерін полицей ретінде таныстырған. Жаңа ғана осы ауданда кісі тонау болғанын алға тартып, олар барлық күдіктілерді тексеріп жүргендерін мәлімдеген.

Жігіттердің біреуі ойланбастан ұялы телефонын жалған полицейге ұстатқан. Ал олардан жеке куәліктерін көрсетуді талап еткенде, жалған полицейлер жәбірленушілердің ұялы телефондарын күшпен тартып алған», - деп хабарлады Алматы ПД-нің жол-патрульдік полиция полкінің полковнигі Манап Саттаров.

Жәбірленушілер бірден полицияға хабарласып, оқиға орнына бірнеше наряд жіберілген.

Тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер, күдіктілерді тұтқындаған. Жәбірленушілер жалған полицейлерді таныған.

Іс қылмыстық кодекстің «тонау» бабы бойынша тіркелді. Тұтқындалған азаматтар жұмыссыз екендері анықталды. Олар уақытша қамау абақтысына жеткізілді.


Новости партнеров