Қияр мен қызанақ бағасын ретсіз көтергендерге айыппұл салынады – министр

Қияр мен қызанақ бағасын ретсіз көтергендерге айыппұл салынады – министр
Министр мереке жақындады деп бағаны себепсіз көтеруге болмайтынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке жақындады деп бағаны себепсіз көтеруге болмайды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында сауда орындарындағы азық-түлік пен көкөніс бағаларына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ведомство басшысы қияр мен қызанақтың құнын мысалға келтірді. Ведомство жүргізген рейдте қиярдың бір келісі 1 мың тенгеден 1400 теңгеге дейін, ал қызанақ 1100 теңгеден арзан емес екені анықталған. Руслан Дәленов мереке жақындағанда бағаны ретсіз көтере бастайтындармен монополияға қарсы комитеттің және аймақтардағы департаменттердің күреске шыққаннын айтты. Ескертулерді құлаққа ілмегендерге айыппұл жазылады.  

«Табиғи монополияларға қарсы комитет талдау жүргізеді. Баға келісім бар ма, жоқ па, соны анықтайды. Баға келісімі болса, ескертпе қолхат беріледі. Бағалар өзгермесе, айыппұл салынады. Айыппұл көлемі табыстың 3-5 пайызын құрайды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.

Ал наурыз айында еліміз АҚШ билігімен тікелей әуе рейстері туралы келісім жасамақ. Индустрия және инфрақұрылым министрі Роман Скляр үкіметаралық келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Американың Нью-Йорк қаласынан басқа, алдағы уақытта отандастарымыз Шанхай, Токиоға да тіке ұша алады. Министрлік 2020 жылы отандық әуе кемелері 1,6 миллион адамды тасымалдайды деп болжап отыр.  


Новости партнеров