|
16.05.2019 | 16:13
2469

Әміржан Қосанов Қарағанды облысына ат басын тіреді

Әміржан Қосанов Қарағанды облысына ат басын тіреді

Кандидат бұл жолы Қарағанды облысындағы Үштөбе ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында Қосановтың сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, құжаттың басты бағыттары талқыланды.

«Біздің қоғамда еңбек адамына деген құрмет, ілтипат азайып бара жатыр. Бүгінде жастар арасында өнер туындылары арқылы, әлеуметтік желі арқылы басқа мамандықтар, басқа кәсіптер танылуда. Меніңше, Қазақстан экономикасының іргетасы болып саналатын осы нақты, реалды секторлар. Көркем туындылар арқылы қарапайым жұмысшыларды насихаттау керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан ҚОСАНОВ.

Жиында үміткер бағдарламасындағы негізгі бағыттар талқыланды. Қатысушылардың дені жұмысшылар болған соң, кездесуде еңбек адамының құқығы, аймақтарды дамыту мәселесі айтылды. Бұдан бөлек, жиында қатысушылар да өз ойларын ортаға салды, кандидат бағдарламасына ұсыныстарын айтты.

«Меніңше, сайлауға қатысып, таңдау жасау - әр азаматтың борышы», – деді қатысушылардың бірі Дос СМАХАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир