Елімізде полицейлерді аттестаттау 1 қазанда басталады

Елімізде полицейлерді аттестаттау 1 қазанда басталады
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 2019 жылғы 1 қазанда басталады. ҚР Президенті осындай Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды.

Жарлықтың толық мәтіні төменде келтірілген:

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

  3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев    

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 сәуір                .


Новости партнеров