Елімізде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты жобасы жүзеге асырылмақ

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Алматы қаласы аналар кеңесінің отырысында мәлім болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты республикалық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол негізгі 15 бағыттан тұрады. Бұл туралы Алматы қаласы аналар кеңесінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Басқосуда отбасылық құндылықтар кеңінен талқыланып, өзекті мәселелер сөз болды. Жиналғандар тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар арасындағы суицидтың шығу себебі мен алдын алу жұмыстарын талқылады.   

«Ұлтты ана тәрбиелейді. Сондықтан ананың негізгі миссиясы – тәрбие жұмысы. Аналар кеңесін құрғандағы негізгі мақсатымыз да сол еді. Себебі тәрбие жұмысын міндеті ретінде алған республикалық қоғамдық бірлестіктің бірі және бірегейі – Аналар кеңесі», – деді ҚХА республикалық аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи.

Айта кетейік, Аналар кеңесі 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Ел бойынша 1832 құрылымы бар. Бүгінде 13 мыңнан аса белсенді ана отбасында өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысып жүр.

Новости партнеров