Қызылордада жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілінді

gorodvo.ru
gorodvo.ru
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала адам өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мәліметтер бойынша, орын алған оқиға құрбаны да кәмелет жасына толмаған бала екені анықталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда.

Күдікті ретінде кəмелетке толмаған бозбала ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу» бойынша талаптарына сəйкес жариялауға болмайды екен. 

Новости партнеров