Алматы облысында көпбалалы 13 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

inform.kz
inform.kz
Бұл үйлер «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алакөл ауданында 13 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл үйлер «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілді. Мереке қарсаңында қуанышы еселеніп, қоныс тойын тойлап жатқан жандардың қатарында Күлия Мәулетханның отбасы да бар.

«Мемлекет басшысы мен облыс, аудан әкіміне үй мәселесін шешуге көмектескендері үшін алғыс айтамыз. Жаңа баспаналы болуды армандаған барша отбасы көп ұзамай қоныс тойын тойласын», - деді қоныс иесі.

Тамыз айынан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарапатын көргендердің қатары көбейіп келеді.

Жалпы, бағдарлама басталғалы Алакөл ауданында 19 отбасы баспаналы болды. Сонымен бірге, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр 80 тұрғын үй кілті кезекте тұрған азаматтарға берілсе, алдағы уақытта бұл шаралар өз жалғасын таппақ.




Новости партнеров