Наурызбай ауданында төтеншеліктер түсіндіру жұмыстарын жүргізді

krisha.kz
krisha.kz
Шұғыла ықшам ауданында пайдалануға жаңадан беріле бастаған көпқабатты үйлерді аралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданында төтеншеліктер газ баллон жарылысының алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар әуелі Шұғыла ықшам ауданында пайдалануға жаңадан беріле бастаған көпқабатты үйлерді аралады. Себебі,табиғи газ мұндай пәтерлерге қоныстанушылар саны 80 пайыздан асқанда ғана беріледі екен. Ал, бірінші көшіп келгендер оған дейін газ баллонын пайдалану мүмкін.

«Алматы қаласының тұрғындарынан көппәтерлі тұрғын үйлерде газ баллондарын сақтауға және қолданбауға шақырамыз. Газ баллондарынның жарылысы өзіміздің немесе жақындарымыздың ғана емес бірге тұратын көршілеріңіздің де өміріне қауіп төндіру мүмкін», – деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы бөлімінің бас маманы Нұртас Рақымберген


Новости партнеров