Алматыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

zhetysu.gov.kz
zhetysu.gov.kz
Бостандық ауданында өткен жәрмеңкеде 30-40 тоннадай өнім сатылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының 6 бірдей ауданында жаппай жәрмеңке өтіп жатыр, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соның арқасында қала тұрғындары ауылшаруашылық өнімдерін нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен сатып ала алады. Сатуға таза табиғи өнімдер алып келген кәсіпкерлер орынға айына 16 мың теңгеден артық төлемейді. Аталған қаражат шатырларды тігу, тазалық талаптарын орындауға төленеді.

Бұл жолы алматылықтарға Іле ауданының шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынды.

«Дәл осындай жәрмеңке алдағы уақытта қаланың Медеу, Алмалы, Қарасай, Әуезов, Түрксіб және Жетісу аудандарында жалғаспақ. Ал екі күннен бері Бостандық ауданында өтіп жатқан жәрмеңкеде 30-40 тоннадай өнім сатылады», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы АӨК бөлімінің бас маманы Қанат КӘКЕН.

Новости партнеров