Бақытжан Сағынтаев Алматының құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Алматының құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті
Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті, передает Almaty.tv.

Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16 029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1130 пәтер салу жоспарлануда.

Қала әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, салынған әрбір жаңа үй өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесіне жүктеме түсіреді. Мысалы, тек Наурызбай ауданының өзінде ғана шамамен 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осыған орай, қаланың жол-көлік инфрақұрылымының жүктемесі артуда. Сондықтан әкімнің айтуынша, Абай даңғылын үңгілеу жұмыстарының қарқынын төмендетпеу  маңызды.

Айта кетерлігі, эконом-сыныпты үйлерге инженерлік коммуникацияларды жүргізген кезде пәтерлердің қолжетімділігіне мән берілетін болады.

Аса маңызды мәселенің бірі - қалалықтар санының артуына орай әлеуметтік нысандарға  түсетін жүктеменің ұлғаюы. Құрылыс компанияларының басшылары бұл проблеманы бірге шешуге дайын екендіктерін білдірді. Кешенді құрылыс барысында мектептерге, бала бақшаларға, емханаларға түсетін жүктемені алдын ала болжап, әлеуметтік нысандарды салудың тетіктері анықталатын болады.

Бос алаңдардың тапшылығынан  құрылыс нарығына қатысушылармен бірге «Ескі үй» бағдарламасының маңызы  артады. Бүгінгі күні қалада 1440 үй осы санатқа жатады.

Салынатын әр шаршы метрдің қолжетімділігі үшін құрылысты жүргізушілер отандық өндірушілерден құрылыс және  әрлеу материалдарын сатып алу көлемін ұлғайтуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Мұнда әңгіме санфаянс, кафель, кабель, сантехника және басқа өнімдер туралы болуда.

Басты шарт — сапаның халықаралық стандарттарына сай болу. Сондықтан қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Индустриалды аймағындағы  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жандандырылады.

Кездесу барысында құрылысты  салушыларға әкімдіктің қаланың тарихи орталығында және аулаларда орналасқан учаскелерде үй салуға тыйым салатын позициясының еш өзгермейтіні тағы бір рет ескертілді.

«Қала өсуде, сондықтан құрылыс мегаполистің жетекші драйвері болып қала береді. Мұнда барлық тараптардың – әкімдіктің, құрылысшылардың және тұрғындардың мүдделерін сақтау маңызды. Бұған ашық диалог арқылы қолжеткізуге болады. Оны тұрақты жүргізетін боламыз», — деп атап өтті кездесуді қорытындылаған  Б. Сағынтаев.

Новости партнеров