Алматыда Үш бәйтерек мұраты жайында ғылыми конференция өтті

Алматыда Үш бәйтерек мұраты жайында ғылыми конференция өтті
биыл Қазақтың үш бәйтерегіне 125 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таңдамалы әдеби шығармаларды аудио түрінде тарату керек. Бұл туралы «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты ғылыми конференцияда айтылды. Ғалымдар бас қосқан жиында, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туындыларын заман талабына сай етіп дәріптеу ісі сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үш арысты зерттейтіндердің сөзінше, осы салаға жас әдебиетшілерді де көптеп тарту қажет.  ХХІ ғасырға лайықты әдеби еңбектер, қалың оқырманға түрлі форматтарда қол жетімді болуы тиіс. Себебі бүгінгі таңда жастардың кітапқа деген қызығушылықтары азайып барады.

«Қазір кішкене бәсеңсу, кішкене салғырттық бар екенін жасыруға болмайды. Сондықтан қазір жас әдебиетшілердің назарын соған аудара отырып, оны тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкі әлем әдебиеті сол кездегі  үрдістермен салыстыра отырып қарастыру», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан МАТЫЖАНОВ.

Еске сала кетейік, биыл Қазақтың үш бәйтерегіне 125 жыл! Аталған шара рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.  

Новости партнеров