Алматыда тағы бір ықшамауданға газ қосылды

Алматыда тағы бір ықшамауданға газ қосылды
«Әлмерек» ықшамауданындағы 1100 үйдің 756-ы газ таратушы компаниямен келісім шартқа отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Газ құбырлары жүргізілген Түркісіб ауданына қарасты «Әлмерек» ықшамаудандағы 1100 үйдің 756-сы көгілдір отын таратушы компаниямен келісім шартқа отырса, біразы оны үйлеріне кіргізіп, пайдаланып отыр. Ал, аудан атқамінерлері жағдайы төмен отбасыларға көшеден үйге дейін газ тартуға жеңілдік жасамаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Нұр Отан» партиясына «Әлмерек» ықшамауданы тұрғындары хабарласып, газ құбыры қашан қосылатынын сұрады. Қазіргі таңда 23 үйге газ құбырын қосып бердік. Тағы тұрмысы төмен 17 үйге жеңілдік беріп жатырмыз. Қазіргі таңда жұмыс әлі жалғасуда», – деді Алматы қаласы Түркісіб ауданы әкімінің орынбасары Болат БАЙДІЛДАЕВ.

«Әлмерек» тұрғындары соңғы рет «Нұр Отан» партиясының Түркісіб аудандық бөлімшесіне газдың жоқтығын айтып арызданыпты. Арада көп уақыт өтпей көгілдір отынға да қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

«Биыл газ берді, сол үшін «Нұр Отан» партиясына көп рахмет. Газ келіп, бәріміз от жағудан құтылдық», – дейді Гүлмәрия ҚОЖАСАНОВА.

«Бес жылдай болды біз қалаға өттік. Әуелі қала әкіміне, сосын «Нұр Отан» партиясына алғыс айтамыз. Халыққа ең қажеті газ еді, соны берді, рахмет», – деді Мұстафа ХИНИЗОВ.

Новости партнеров