Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалды

 Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалды
Жуырда еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Димашқа Александр Градскийдің романстарын шырқау ұсынылды. Бұл туралы Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының басшысы Константин Воробьев айтты, деп хабарлайды Sputnik. 

Павел Васильевтің өлеңдеріне жазылған Александр Градскийдің романстары алғаш рет Нұр-Сұлтанда 6 желтоқсанда ақынның 110-жылдығына арналған еске алу кешінде орындалмақ. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында туындыларды «Астана Опера» солисі шырқайды. Әзірге оның есімі құпия сақталып отыр.

Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының басшысы Константин Воробьев бастапқыда материал Димаш Құдайбергенге ұсынылғанын жеткізді.

«1976 жылы жас кезінде Градский Васильевтің өлеңдеріне романстар жазды. Кейіннен олардың ешқашан орындалмай, тек магнит таспаға жазылғаны белгілі болды. Біз таспаларды іздеп таптық, бірақ ескі болғандықтан оларды қалпына келтіру мүмкін болмады. Бірақ біз осы романстарға көңіл бөлу керек деген шешімге келдік, өйткені алда мерейтой», - деді Воробьев.

Сол себептен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов көмекке келді.

«Баршамыздың ойымызға келген бірінші идея – оларды Димаш шырқасын. Ол - қазақтың тамаша, талантты, ерекше әншісі. Осындай адамның орындағаны бізге жақсы болар еді, себебі жастардың бір бөлігі Павел Васильевтің шығармашылығына бет бұрар еді. Бірақ Димаш бұл ол үшін әлі күрделі поэзия екенін мойындады. Әнші романсты міндетті түрде барынша сезіну керектігін, ал ол үшін жасы да сәйкес келмейтінін айтты», - деп бөлісті орталық басшысы Воробьев. 

Новости партнеров