Күйеу жігіт рак ауруына шалдыққан сүйіктісін тойға үш күн қалғанда тастап кетті

Күйеу жігіт рак ауруына шалдыққан сүйіктісін тойға үш күн қалғанда тастап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Англиялық 24 жастағы Эмили Николсон мен Джейми Смит осыдан бір жыл бұрын үйленуге бел буды. Ол кезде дәрігерлер бойжеткенге қорқынышты диагноз қойып, оның небәрі бір жыл өмірі қалғанын айтқан еді. Алайда той сол күйі болған жоқ.

Бұл туралы шетелдік The Sun басылымына сілтеп Stan.kz жазады.

Эмили мен Джейми Аустралияда танысқан. Бойжеткен қатерлі дертке шалдыққанда екі жас үйленуге бел байлаған. Дәрігерлер оның миынан обыр дертін тапқан. Алайда тойға бірнеше күн қалғанда жігіт аяқ астынан Эмилиді тастап кетті. Оның үстіне, жеке өзіне айтудың орнына, «Фейсбук» желісінде хабарлама қалдырған.

«Джейми менімен бірге болғысы келмейтінін, біраздан бері маған деген көңілі суығанын айтты. Төбемнен жай түскендей болды», – дейді бойжеткен.

Модель үшін бұл күтпеген жағдай болды. Оның пайымынша, жігіті оны өзгеріске ұшыраған сырт келбеті үшін тастап кеткен. Бұрын мінсіз келбетке ие болған қыз ауырған соң 32 келі артық салмақ қосып алған.

Оның үстіне, жігіттің қыдырғысы келген. Ал Эмили онымен бірге шыға алмаған. Британиялық қыз үшін бұл үлкен шок болды, алайда ол мойымауға тырысуда.

Қазіргі уақытта қыз Ұлыбританияға қайта оралды. Ал оның ата-анасы еміне 30 мың фунт ақша жинауға тырысуда.


Новости партнеров