|
24.10.2019 | 19:40
9812

Фонтан боп атқылады: Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

Апат салдарынан 41 көп қабатты үй, 2 балабақша, 2 мектеп және 30-дан астам әлеуметтік мекемелер сусыз қалды

Фонтан боп атқылады: Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

Күндізгі сағат 15.00  шамасында Алматы қаласындағы Галиев көшесінде жылу магистралінен су атқылай бастаған. Абырой болғанда адам аман. Тек бір көлікке зақым келген. Иесінің айтуынша, темір тұлпары тұрақта болыпты. Өзі дүкенге кіріп кеткен екен. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті қалпына келтіру үшін шамамен 150 мыңдай теңге керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Көлігімнің алдыңғы және артқы терезесі, қозғалтқыш қақпағы мен шатыры зақымданды. Әзірге шағымымды қабылдады. Ары қарай қалай болатынын айтпады. Күтемін енді. Уақыт көрсетеді», - деді жәбірленуші Павел МУРЗИНОВ.

Апат салдарынан 41 көп қабатты үй, 2 балабақша, 2 мектеп және 30-дан астам әлеуметтік мекемелер сусыз қалды. Алайда, жылу біраз уақытқа дейін сақталып тұрады екен. 1971 жылы салынған құбырды тез арада қалпына келтіреміз, деп сендірді жауаптылар.

«Үш апаттық бригадағ 6 техника 20-ден аса адам жұмылдырылды. Түнгі 12-ге дейінгі аралықта осы жұмысты бітіруді жоспарлап отырмыз. Содан соң қалаға жылу беріледі», - деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир