Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі елдегі бақсылық пен көріпкелдікпен күресудің жаңа тәсілін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Енді Ішкі істер министрлігі бақсылар мен көріпкелдердің өзін жауапқа тартумен қатар оларға жүгінгендерге да шара қолданады.
"Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көріпкелдер мен бақсыларға жүгінгендер олардың қызметіне ақы төлеп, сол қызметті дамытатыны анықталды", - деп хабарлайды ҚР ІІМ.
Ведомство мәліметінше, кейінгі бір айда мұндай дерекпен 150-ден астам адам министрлікте тіркеліп, оларға қатысты заң аясында шара қолданылып жатыр.
"Бұл қызметке жүгінген барлық тұлға Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына шақырылып, оларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, олардың деректері мен фотосуреттері департаменттің дерекқорына енгізіледі", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Айта кетейік, Тәжікстанда бақсылық үшін әкімшілік жауапкершілік 2008 жылы енгізілді, ал 2015 жылдан бастап сиқырлы рәсімдерді орындағаны үшін қылмыстық жаза - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Мерейлі отбасы: қызылордалық Бектаевтар отбасы елордада аймақ атынан сынға түседі