Queen University-2024: Алматыда сұлулық байқауы мәресіне жетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайыс «Алматы» телеарнасының 25 жылдығы аясында ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Queen University-2024» сұлулық байқауының ақтық айналымы мәресіне жетті. Сайыс  «Алматы» телеарнасының 25 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

«Queen University 2024» сайысының мақсаты – қыздардың сұлулығын бағалап қана қоймай, олардың білімі мен шығармашылығын аңғарып, талантын ашу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік аруды анықтау оңай болмады.

– Сайыс өзге байқаулардан ерекшеленеді. Арулар сайысының тарихында алғаш рет тек сұлулыққа ғана емес, қыздардың білімі мен ішкі жан дүниесіне, қабілетіне баса назар аудардық, – деді «Almaty» телеарнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.

Байқаудың талаптарына сәйкес, хас сұлулар жоғары оқу орнында білім алып, үлгерімі жақсы болуы шарт. Ақыл мен сұлулық үйлесім тапқан бойжеткендердің біреуі ғана озып шығып, «Queen University 2024» тәжі мен 1 миллион теңгені ұтып алады.

– Сайыстың бас демеушілері әрі ұйымдастырушылары – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы. «Алматы» телеарнасы ерекше қолдау көрсетті. Бұл іс – шара сүйікті арнамыздың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр, – деді «Queen university-2024» байқауы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Совет Сейітов.

Сайыс қортындысы бойынша бас жүлдені Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Алуа Құдайбергенова жеңіп алды. Ару 6 жастан бастап бимен айналысып келген. Енді бойжеткен өзге де халықаралық сайыстарда бақ сынасуға мүмкіншілік алды.

Әйкерім Пернебек, Әмина Үсенова, Әлішер Ерғалиұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Тең қоғам: Алматыда әлеуметтік қолдау орталығы ашылды

Новости партнеров